Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жас көшбасшыларының «Цифрлық әріптестік» халықаралық конвенті
«ТМД Экономикалық дамуының іскерлік орталығы» Қауымдастығы, ТМД цифрлық дамуы жөніндегі комитеті Президенттік гранттар қорының және ТМД Атқарушы комитетінің қолдауымен 2021 жылғы 15 маусымнан 10 қазанына дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жас көшбасшыларының «Цифрлық әріптестік» халықаралық конвентін өткізеді http://digitalformat.org/
ТМД «Цифрлық әріптестік» халықаралық конвенті - РФ-да және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының толық мүше елдерінде тұратын 8-11 сынып оқуышларына, студенттерге, жас ғалымдар, инженерлер мен ІТ-мамандарға, стартаптар мен кәсіпкерлерге арналған (жобаның мақсатты аудиториясы) әлеуметтік білім беру іс-шарасы
Конвент спикерлері мен қатысушыларының географиясы:

  • Ресей Федерациясы (85 өңір - РФ субъектісі, оның ішінде: 22 республика, 9 өлке, 46 облыс, федералдық мәні бар 3 қала, 1 автономды облыс, 4 автономды округ),
  • Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) нақты және қауымдастырылған мүшелері: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Молдова Республикасы, Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Түрікменстан, Украина.
          Халықаралық конвент 2021 жыл бойы дәйекті түрде жүзеге асырылатын бірнеше кезеңнен тұрады:
          1
          15 маусымнан бастап
          білім беру бағдарламасы, пре-акселератор
          2
          тамызда
          хакатон
          3
          22 тамыз – 06 қыркүйек
          онлайн-акселератор
          4
          21–23 қазан
          жобалардың «виртуалды көрмесі» бас цифрлық форум, ТМД елдеріне арналған IT-шешімдердің «Цифрлық номинация» халықаралық сыйлығы
          Хакатон мен акселератордың технологиялық тректері
          Цифрландыру мен өтпелі цифрлық технологияларды енгізудің әсерінен жаңа әлемдік нарықтардың қалыптасуын көрсететін 27 трек: FinTech, EdTech, FashionTech, AgroTech, Creative Industries, HealthTech/MedTech, FoodTech, MarTech (Marketing&Communications), LifeTech, RetailTech, TravelTech&Tourism, Industrial/PipeInsustryTech, Robotics, GameDev, AI&Cyber&DataScience, HRtech, Transport&Mobility, PetTech, EcoTech, ArtTech, SocialTech, AntiCovid, CultureCode, BuildTech, EngineeringTech, Biomedtech, CityTech.
          Конвенттің мақсаттары:

          • ТМД нарықтарындағы тұтынушыларда сұранысқа ие болатын дайындықтары әртүрлі цифрлық кезеңдердегі цифрлық технологиялары бар жобаларды қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламасы.
          • ТМД инновациялық, цифрлық және технологиялық дамуының көшбасшыларының байланысы.
          • Жаңа технологиялар, жаңа нарықтар, цифрлық технологиялар бойынша сараптамамен бөлісу.
          • Шешімдерді ТМД елдерінің экономикасына енгізіп, цифрлық жобалар әзірлеушілерінің ұлтаралық, мемлекетаралық командаларын қалыптастыру.
          • Халықаралық зерттеушілерді, командаларды, жобаларды ТМД инновциялық инфрақұрылымының субъектілеріне (бизнес-инкубаторлар, акселераторлар, технопарктер, әлеуметтік инновациялар орталықтары және басқ.) «софтлендингтеу» бағдарламасы.
          • Ғылыми-технологиялық дамуды нығайтуға арналған жоғары технологиялық жобаларды (соның ішінде әлеуметтік инновацияларды) «цифрлық әріптестіктің» ең үздік тәжірибелері ретінде - цифрлық өнімдерді, сервистерді, платформаларды іздеу.
          • Цифрлық жоғары технологиялық жобаларды дамыту кезінде әріптестер мен мақсатты аудитория арасында ынтымақтастықтың экожүйесін дамыту.


            Конвент аясында алғашқы рет ТМД елдеріне арналған ІТ-шешімдердің «Цифрлық номинация» атты халықаралық сыйылқты - бизнесте жаңа цифрлық технологияларды пайдаланатын жобалау командаларына арналған ТМД Цифрлық дамыту комитетінің тәуелсіз сыйлығын тапсыру орын алады. Сыйлық әртүрлі кезеңдердегі жоғары технологиялық жобалары бар компанияларға цифрлық тұрлендіру саласындағы кейстер үшін беріледі. «Цифрлық сыйлық» номинанттары ТМД Цифрлық дамуы бойынша комитеті ұсынған жобалар деген ерекше мәртебе алады және «Ең үздік digital-тәжірибе» деген белгіле ие болады.
            Конвент жобаларының виртуалды көрмесі - үнемі әрекет етуші цифрлық навигатор және ТМД-да цифрлық түрлендіру кейстерінің картасы. Пішімнің ерекшелігі - онлайн көрме-сөресі 3d-шолулармен және өнімнің нақты «тестерлерінің» бейне-пікірлерімен толықтырылады. Жобалардың виртуалды көрмесі алғашқы рет 2021 жылғы қйрыкүйек айынан жұмысын бастайды және озық өзекті жобалармен үнемі толтырылатын болады.
                  Конвенттің білім беру бағдарламасының тақырыбы:

                  • «Жалғыз мүйіз бол» - инновациялардың pre-seed-тан бастап ТМД-ға дейінгі құралдары
                  • Хакатондар мектебі - өзіңнің хакатоныңды қалай ұйымдастыруға және өткізуге болады
                  • Әлемдегі технологиялық трендтер және трендвотчинг
                  • Жаңа нарықтар және жалғыз мүйіздер клубы
                  • LifeTech - қоғамға арналған технологиялар, әлеуметтік инновациялар, әлеуметтік кәсіпкерлік және impact investing
                  • «Оқуға қалай үйренуге болады» - көшбасшылар мен жас ғалымдарға арналған softskills
                  • Стартапқа арналған зияткерлік меншік - АЖ типтері, процедуралар, АЖ-SWOT стартаптар кезеңдері бойынша
                  • Киберқаупсіздік және цифрлық тәуелсіздік - интернет пайдаланушысы рөліндегі күнделікті сұрақтардан бастап CyberTech жаңа нарығына арналған жаңа технологиялар мен стартаптарды әзірлеуге дейін
                  • Ресейдің ұлттық жобалары - стартаптарды және жоғары технологиялық бизнесті қолдау шаралары, Ресей мен ТМД жас ғалымдарына арналған мүмкіндіктер
                  • ТМД көшбасшыларына арналған Softskills - келіссөздер жүргізу және бизнес-дауларды басқару, тайм-менеджмент
                  • Университеттегі сенің стартапың
                  • Digital жобалар және инновациялық маркетинг
                  • Ресей мен ТМД-да инновациялар мен кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы - жобамен pre-seed-тан экспорт-кезеңге дейін қайда брау қажет
                  • FinTech және қаржылық сауаттылық
                  • Жобаға арналған ресурстарды қайдан алуға болады - көздердің матрицасы және алгоритмдер
                  • Стартаптың юнит экономикасы
                      #DIGITALCIS #ЦИФРЛЫҚӘРІПТЕСТІК #ТМДКӨШБАСШЫЛАРЫ #CISLEADERS
                      #ТМДЦИФРЛЫҚДАМУЫ
                      #ЖАЛҒЫЗМҮЙІЗБОЛ
                      Халықаралық конвенттің барлық кезеңдеріне қатысу – тегін.

                      Қатысушылар кез келген кезеңдерге тіркеліп, өздерінің ұнатымдарына байланысты әр кезеңге қосылуы мүмкін.

                      Жоба аясында іс-шараларды жүргізу қашықтықтан пішімде жүзеге асырылатын болады – қатысушылар (мақсатты топтар) онлайн-ортаға шығатын болады.
                      Конвентке тіркеу Интернет желісінде DIGITALFORMAT.ORG мекенжайы бойынша ашық.